Жас Қанат ықшам ауданында  үшем дүниеге келді. Нәрестелердің екеуі қыз бала және біреуі ұл бала. Інжу, Маржан және Мансұр  есімін иеленген шақалақтар қазан айынын соңында дүниеге келді. Олардың әрқайсысының салмағы 2380, 2306 және 3120 келіні құрады. Жас ана жүктілік кезінде Жас Қанат емханасында тіркеуде болып, денсаулық жағдайын біздің мамандар бақылаған болатын.

         Қазіргі таңдаана мен үш балақайдың жағдайы жақсы,олар біздің мамандардың бақылауында.  Бүгінгі күнге дейін, бір ұл мен екі қыздың анасы Әдіхалықова Гүлхан тағы үшем босанып, 38 жасында көп балалы ана  атанды.  Алтын құрсақтыана мұнымен шектелгісі келмейді, болашақта отбасының санын көбейте түсем деген ниетте. Жас Қанат емханасының мамандары көп балалы отбасына «бауы берік, қадамдары құтты болсын» айтып, нарестелердің денсаулықтарын бақылап, қуаныштарына ортақтасып, шақалақтарға зор денсаулық және ұзақ өмір тілеп, сыйлықтар табыс етті.  Біздеемхана ұжымының атынан көп балалы жас отбасының қуанышына ортастасып, отбасылық бақыт тілейміз